Кондиционер қауіпті

Жер бетінде климат жылынып барады, сол себепті адамдар салқындау үшін кондиционерді жиі қолданады. Ол жаныңызға уақытша жайлылық сыйлағанымен, экологиялық жағдайға да, денсаулық жағдайыңызға да қауіп төндіреді.
АҚШ-тағы Мэдисон университетінің ғалымдары осындай тұжырымға келді. Кондиционер қосу – энергетикалық өндіріске қосымша салмақ және атмосфераға зиянды бөлшектердің бөлінуін арттырады. Ауада қатты бөлшектердің көп таралуы себепті, осы ғасырдың ортасында жылына 600 адамның өмірмен қош айтысуына себепші болады.
Бұл – болжамды сандар, дегенмен оны ескермей кетуге болмайды. Ғалымдар экологиялық қуат көзіне көбірек көңіл бөлу керектігін айтады.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*