Курсанттар тәжірибеден өтуде

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері тәжірибеден өтуге келген 32 курсант үшін әсерлі күн ұйымдастырды.
Облыстық полиция ведомствосында болашақ полицейдің кадрлық әлеуетін қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Аталмыш жұмыстар аясында ведомстволық жоғары оқу орындарынан тәжірибеден өтуге келген курсанттар ІІД бастығымен және ведомство ардагерлерімен кездесті.
Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының жас курсанттары облыстық ІІД-нің бөліністерінде 2 шілдеден бастап тәжірибеден өтуде. Олар оқу орындарында алған білімдерін бір ай бойы тәжірибе барысында шыңдамақ. Тәжірибе тиімді болуы үшін ІІД басшылығы болашақ офицерлерге арнап бір күнді әсерлі өткізді. Түске дейін Макаров тапаншасынан ату сабақтары, волейбол ойыны, сондай-ақ, тәжірибелі психолог мамандармен қызықты тренингтер ұйымдастырылды.
Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қапез Дәулетбаевтың айтуынша, тәжірибеден өтуге ІІМ-нің Алматы, Қостанай, Қарағанды Академияларында білім алып жүрген 32 курсант келіпті. Ведомстволық оқу орындарының түлектері полицияның кәсіби өзегі болғандықтан, аталған іс-шара облыстық ІІД-де «Кадр резерві жылы» аясында өткізіліп отыр.
Психологиялық тренинг пен қызықты ойындардан соң, ІІД-нің мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Мұражай меңгерушісі Любовь Осинская курсанттарға Солтүстік Қазақстан облысындағы полицияның 1700-жылдардан бастап бүгінгі күнге дейінгі қалыптасу тарихы туралы айтып берді.
«Мен Ғабит Мүсірепов ауданында туып-өстім. Қазір Ресей ІІМ-нің Санкт-Петербург университетінің 3-курсында білім алып жүрмін. Тәжірибенің соңында тәлімгерлерімнен мол білім алып шығамын деген ойдамын», – дейді курсант Екатерина Кодак.
Бір қызығы, дәл осы курсанттарды екі жыл бұрын ведомстволық жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін дайындаған болатын. Бүгінде олар мектеп түлегі емес, нағыз офицер болуға дайындалуда. Халыққа қызмет ету және үнемі білімдерін арттыру қажеттігі туралы ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов пен ішкі істер органдарының ардагерлері айтып берді. Кездесу соңында жас курсанттарға үлгі ретінде президенттік көпсайыста жүлделі орындарды иеленгені үшін ІІД Оқу-жаттығу взводының қызметкерлері медальдармен, дипломдармен және кубоктармен марапатталды.
Сондай-ақ, кәмелетке толмаған баланың қатысуымен оқыс оқиғаны болдырмағаны үшін ІІД Көші-қон қызметінің инспекторы, полиция капитаны Дарина Сүлейменова сыйақымен және алғыс хатпен марапатталды. Дарина да ІІМ Алматы Академиясын аяқтап, қызметін туған Петропавл қаласында көші-қон қызметінде жалғастырып келеді.
Сақшылардың мұндай ерлік істері болашақ полицейлер үшін үлгі болары анық.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*