169 қару тапсырылды

Павлодар облысында халықтан құжаттары жоқ заңсыз қаруларды сатып алу жұмыстары жалғасып жатыр.
Бүгінде 149 облыс тұрғыны акция барысында шамамен сомасы 8,5 миллион теңгеден аса қаражатқа 169 қару тапсырды.
Негізінен 152 тегіс ұңғылы қаруөткізілген. Одан бөлек, халық 16 иір ойықты мылтық, 1 шолақ қару және 4300-ден аса иір ойықты мылтықтың оқ-дәрісін тапсырды.
Железин ауданының тұрғыны атасынан қалған екі бірдей «ТОЗ» және «ИЖ» тегіс оқпанды аңшы қаруын полицияға әкеліп берді. Сараптама тағайындалып, тексеріс жүргізілуде.
Павлодар ауданының тұрғыны да әкесінен қалған 16 калибрлі «ИЖ» маркалы тегіс оқпанды жалғыз ауыз аңшы мылтығын ерікті түрде тапсырды. Төлемнің болжамды сомасы 50505 теңгені құрайды.
Ерікті түрде қару тапсыру үшін мемлекеттен 10 миллион теңгеден аса қаражат бөлінді.
2018 жылғы 10 сәуірде республика аумағында халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылыс заттарын сатып алу бойынша акция басталғанын ескере кету керек.
ІІБ-де тіркелмеген атыс қаруларын, оқ-дәрілер мен жарылыс заттарын ерікті түрде тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Қызығушылық тудырған барлық сұрақтар бойынша тұрғылықты жер бойынша ішкі істер органдарына, сондай-ақ, 39-11-75 телефон нөмірі бойынша облыс Ішкі істер департаментіне жүгіне аласыздар.

Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*