Әлеуметтік мәселелер көтерілді

Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл аудандық пробация қызметі «Жастар мәслихаты» қоғамдық бірлестігімен, Жамбыл ауданы ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Онда сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмысқа орналасуы, оқуы, жазасын орындауға қатысты әртүрлі мәселелер көтерілді.
Дөңгелек үстел барысында пробация қызметінің әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуі, сотталғандардың жазаны орындау тәртібі, тұрғылықты мекенжай бойынша жұмысқа орналасу сынды өзекті тақырыптар әңгіме арқауына айналды.
Осы жылдың 6 айында тұрғылықты мекенжайы бойынша 14 сотталған жұмысқа орналастырылды, 3 сотталғанның кәсібі бар, өмірдің қиын жағдайынан шығу үшін 11 сотталған жәрдемақы алды. 13 сотталғанға психологиялық көмек берілді.

Б. ҒАБДУЛЛИН, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*