Ақтөбедегі республикалық турнир

16 шілде күні Ақтөбе қаласындағы «Қоныс» спорт сарайында шағын футболдан республикалық турнир өтті.
Астананың 20 жылдығына арналған спорттық іс-шараға Көліктегі ІІД-не қарасты ішкі істер желілік бөліністерінің үздік спортшылары және Ақтөбе облыстық ІІД, ҰҚКД-нің қызметкерлері қатысты.
Республикалық турнирдің ашылуына ІІМ Көліктегі ІІД басшылығы, ішкі істер желілік бөліністерінің бастықтары және Ақтөбе облыстық ІІД, ҰҚК департаменттерінің аймақтық өкілдері қатысты.
ІІМ Көліктегі ІІД бастығы, полиция полковнигі А. Қабылов атап өткендей, аталған жарыс саламатты өмір салтын насихаттауға, қалың бұқараны спортпен шұғылдануға үндеуге бағытталған. Сонымен қатар, ол осы тектес шаралардың бастаушысы болып, әрқашанда саламатты өмір салтын дамытуға бағытталған спорттық шараларды ұйымдастырып, қолдауға әзір екендігін жеткізді. Аманжол Жайғалиұлы барлық қатысушыға жеңіс пен сәттілік тіледі.
Күштік құрлымдардың басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызметте ғана емес, футбол алаңында өзара ынтымақты нығайту керектігін атап өтті.
Жарысқа 6 құрама қатысты. Олар – Шығыс Қазақстан аймағы бойынша ішкі істер желілік бөліністері (Семей, Защита, Павлодар, Көкшетау стансалары), Солтүстік Қазақстан аймағы бойынша ішкі істер желілік бөліністері (Астана, Петропавл, Қостанай, Қарағанды-Сұрыптау, Астана әуежайы), Оңтүстік Қазақстан аймағы бойынша ішкі істер желілік бөліністері (Алматы-1, Достық, Үштөбе, Шымкент, Арыс, Түркістан, Жамбыл, Луговой, Шу, Алматы әуежайы), Батыс Қазақстан аймағы бойынша ішкі істер желілік бөліністері (Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Орал, Қандыағаш, Қызылорда стансалары) және Ақтөбе облыстық ІІД мен Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД.
5 сағатқа созылған тартысты жарыс қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы бойынша ҰҚҚД қызметкерлері жеңімпаз атанды. Екінші орынды Оңтүстік Қазақстан аймағы бойынша ішкі істер желілік бөліністері командасы, үшінші орынды Солтүстік Қазақстан аймағы бойынша ішкі істер желілік бөліністері құрама командасы иемденді.
Республикалық турнирде Солтүстік Қазақстан аймағы бойынша құрама команданың ойыншысы Азат Абдукаримовке «Үздік шабуылшы» және Батыс Қазақстан аймағы бойынша құрама команданың ойыншысы Қарасай Нұрдәулетке «Үздік қақпашы» дипломдары табысталды.
Ақтөбе облысы бойынша ҰҚҚД құрама командасы ІІМ Көліктегі ІІД бастығының кубогімен және жүлделі орын алған командалар грамоталармен марапатталды.

Ақтөбе стансасындағы ІІЖБ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*