Мекемедегі спорттық шара

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-не қарасты РУ-170/3 мекемесінде сотталғандар арасында спорттық шара ұйымдастырылды.
РУ-170/3 мекемесінде (қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме) жазасын өтеп жатқан сотталғандардың бос уақытын тиімді пайдалану, олардың түзелуіне ықпал жасау, саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында және Астана күні мерекесіне орай өткен іс-шарада сотталғандар спорттың арқан тартыс, үстел теннисі, волейбол түрлерінен бақтарын сынады.
Спорттық іс-шараның соңы сотталғандар күшімен ұйымдастырылған мерекелік концертке ұласты. Сонымен қатар, Астана күні мерекесіне орай жасақтар арасында қабырға газетін шығару конкурсы ұйымдастырылды.

Д. АҚШОЛАҚОВ, Батыс Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*