Үздік тәрбиешілер кеңесі

ЕС-164/6 мекемесінде ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «Үздік тәрбиешілер кеңесі» сайысы өтті.
Сайыста екі жасақ бастықтары мен тәрбиешілер кеңесінің мүшелері қатысты. Сайыс төрт кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде жасақ бастықтары сарапшыларға өз эмблемалары мен сәлемдесу сөздерін айтса, екінші кезеңде сарапшылар жасақ бастығының жұмысы туралы бейнероликке баға қойды. Үшінші кезеңде тәрбиешілер кеңесінің медициналық дайындылықтары бағаланып, төртінші кезең дене шынықтыру дайындығына арналды.
Мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет майоры К. Сүлейменов және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД тәрбие бөлімінің бастығы, әділет майоры Ж. Шәкіржанова сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік пен табыс тіледі.
Екі жасақ өз шеберліктерін және өнерлерін көрсетіп, конкурстың барлық кезеңінен қатысушылар лайықты өтті. Кез келген сайыста жеңімпаздар болатыны сияқты, осы іс-шарада әділет лейтенанты И. Сулеина басқаратын бірінші жасақ жеңіске жетті.
ЕС-164/6 мекемесі әкімшілігі барлық қазылар алқасының мүшелеріне және іс-шараға қатысушыларға өз ризашылығын білдірді. Болашақта жұмыста тек биіктен көрініп, табыс пен береке тіледі.

А. ҚАСЕНОВА, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*