«Судағы қауіпсіздік» жалғасуда

Өткен демалыс күндері Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері рұқсат берілмеген демалыс орындарына жаппай рейдтер өткізді.
ТЖ қызметкерлерінен басқа облыстық әкімдік мамандары, жергілікті полиция қызметі, көлік және табиғат қорғау прокуратурасы, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері мен волонтерлер қатысты.
Облыс орталығында өткен рейдтерде 3168 адам қамтылып, 2412 парақша таратылды. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершіліктері туралы түсіндірді.
Суға шомылу маусымы басталғаннан бері облыс бойынша 14 адам суға кеткен, оның 7-і бала. Бұл оқиғалардың барлығы суда шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алған.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*