Бірлескен тексеріс

Маусым айында өртке қарсы қызмет бөлімшелері 20 шақырту оқиғасына барған. Оның ішінде қасақана өрт қойған жағдайлар да кездеседі.
Осыған байланысты Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы саяжай учаскелерінде рейдтер жүргізуге қаланың атты полициясын да іске қосты. Және осындай пилоттық жоба өзін толығымен ақтап шығып отыр.
Іс-шараға 120 саяжай учаскесі қамтылды. Оған Павлодар қаласы Төтенше жадайлар басқармасынан 6 инспектор, 8 өрт сөндіруші және 5 полиция қызметкері қатысты. Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Ренат Валишанов:
– Біздің мақсатымыз – адамдарға саяжай учаскелерінде құрғақ шөпті жағу қаншалықты қауіпті екендігін түсіндіру, – дейді.
Жылдар бойы құрғақ шөп және қоқыс жойылмаған, иесіз қалған саяжай учаскелері ерекше алаңдаушылық туғызады. Ертіс өңірінің бағбаншыларына жадынамалар таратылып, өртке қарсы қызметтің телефонын еске салды.

Н. МҰҚАТ, Павлодар қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*