Босаңсу бөлмесінің пайдасы мол

Петропавлдық сақшылар жұмысының тиімділігін ведомстволық психолог мамандар арттыратын болады.
Бұл бағытта жақында жаңадан ашылған психологиялық босаңсу орталығы көмектеспек. Петропавл қалалық ІІБ бастығы, полиция полковнигі Жандос Мұхатовтың бастамасымен 800-ге тарта қызметкері бар облыстағы ең ірі полиция бөлінісінің психолог мамандары үшін жаңа қызметтік бөлме мәселесі өз шешімін тапты. Енді олар қызметкерлердің психологиялық тұрғыда тынығуына жағдай жасалған жаңа бөлмеде жұмыстар жүргізетін болады.
Бәсеңдетілген жарық, жұмсақ кілем, таза ауа – қызметкерлердің толыққанды демалуы үшін арнайы жасалған жағдай. Алғашқы сабақ кадрлық резервпен жұмыс жасау аясында өтті. Бұл да психологтардың жұмысының бір бағыты. Ойын түрінде өткізілетін тапсырмалар басшылық құрам мен қатардағы қызметкерлер үшін өздерін жаңа рөлде байқауына мүмкіндік береді.
Психолог мамандар шетелдік психологтардың жаңа әдістерін, әбден тексерілген бұрынғы әдістерді, әсіресе, бәріне таныс «сынған телефон» ойынын қолданады. Он қызметкер естіген бұйрықты бір-біріне жеткізеді. Осылайша, соңғы оныншы қызметкерге бастапқы мәтіннің тек 50 пайызы ғана жетеді. Бұл дегеніміз полиция қызметкерлерінің ақпаратты жадында сақтап қалуларының жоғары екендігінің нәтижесі. Бірақ, ақпараттың жоғалуы шын мәнінде кез келген сатыда болуы әбден мүмкін. Сондықтан мұндай жаттығулар ойдың жинақталып, адамның жадының нығаюына мүмкіндік береді.
Айта кету керек, осы сынды жаттығуларды Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов жариялаған «Кадрлық резерв жылында» өткізу зор маңызға ие.
«Білікті басшы жұмысының табысты болуы қарамағындағы қызметкердің психологиясын ұғынуының нәтижесі деп айтуға болады. Мұндай семинарлар күнделікті жұмыста полиция қызметкерлеріне кездесетін психоэмоционалды ауыртпалықтарды саралап, қызметті жақсы атқаруға қажетті қасиеттерді дамытуға септігін тигізеді», – дейді Жандос Мұхатов.
Сондай-ақ, алдағы уақытта топтық тимбилдинг – ұжымдағы моральдық-психологиялық климатты зерттеудің нәтижелері бойынша өткізілмек. Жаңа босаңсу кабинеті психологиялық шиеленісті жоюда үлкен көмек болып отыр. Бөлме жоғары технологиялық құралдармен жабдықталған. Олар қызметкердің босаңсуына немесе керісінше шешілуі қиын мәселелерді шешу үшін ойды мобилизациялауға мүмкіндік береді.
Жылдың басынан қалалық ІІБ Кадр жұмысы бөлімінің инспектор-психологтары бір айда топтық 2 сабақтан өткізіп отырды. Арнайы жабдықталған бөлме бұл сабақтарды енді бір аптада екі рет өткізуге, демек ұжымдардағы моральдық-психологиялық климатты жақсартуға септігін тигізек.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД

баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*