«Әлем таныған Елбасы»

Астана күні қарсаңында Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасының қос ғимаратында «Әлем таныған Елбасы» фотогалереясы ашылып, бүгінде жұмыс істеп жатыр.
Фотогалереяда сыртқы саяси байланыстардың панорамасы, Қазақстан Республикасының заманауи халықаралық аренадағы маңызды оқиғалар мен үрдістерге қатысуы Елбасының Жеке архив қорынан ұсынылған фото және видеоматериалдар көмегімен көрсетілген.
Экспозицияда Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынастар орнатқан елдермен байланыстарын көрсететін 200-ден астам фотосурет орналасқан.
Фотосуреттер ресми іссапарлар мен түрлі саммиттер кезіндегі кездесулерді ғана емес, сонымен қатар, Президенттің шетел мемлекеттерінің басшыларымен достық қатынастарын көрсетеді.
Елбасы Кітапханасы Музейінің Күміс залында фотогалереяның тарихи бөлігі орналасқан. Бұл жерде Елбасының 1997-2004 жылдар аралығында Резиденцияның Күміс залында қабылдаған көптеген шетел мемлекеттерінің басшыларымен кездескен сәттерін бейнелейтін фотосуреттер қойылған.
Фотогалереяның негізгі мақсаты – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қызметі арқылы еліміздің сыртқы саясаттағы жетістіктерін, оның халықаралық аренадағы орны мен рөлін көрсететін фото және видео архив материалдарын толық әрі жүйелі түрде көрсету болып табылады.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*