Халық саны өсті

2018 жылғы 1 маусымда еліміздегі халық саны 18 253,3 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 10 514,3 мың (57,6%), ауылдықтар – 7 739,0 мың адам (42,4%). 2017 жылғы 1 маусыммен салыстырғанда халық саны 239,1 мың адамға немесе 1,3% өскен. Бұл туралы Статистика комитеті мәлім етті.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтар-мамырда туғандар саны 159,9 мың адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 2,9% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,15-ті құрады.
2018 жылғы қаңтар-мамырда республика халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 3,8 мың адамға немесе 3,8% көбейіп, 103,5 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,69 адамды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны – 56,4 мың адамды, бұл 2017 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 1,4%-ға көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,46 қайтыс болғандарды құрады.
2018 жылғы қаңтар-мамырда республикада 1 жасқа дейінгі 1 366 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 1,6% көбейді.
Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі – перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2018 жылғы қаңтар-мамырда 637 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 46,6%-ын құрады. Туа біткен ауытқулардан 283 немесе 20,7%, тыныс органдары ауруларынан – 113 немесе 8,3%, инфекциялық пен паразитарлы аурулардан – 70 нәресте немесе 5,1% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан – 63 немесе 4,6% нәресте қайтыс болды.
2018 жылғы қаңтар-мамырда нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 8,54 құрады.
Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтар-мамырда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2017 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 25,6% кеміп, 5 359 адам құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 17,3% көбейіп, 12 874 адам құрады, көші-қонның айырымы -7 515 адам болды.
Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*