Арақтан бас тартқан ауылдар

Түркістан облысында арақтан түбегейлі бас тартқан ауылдар саны көбейген.
Таяуда Ордабасы ауданында қазақтың зиялы қауым өкілдері бас қосты. Жиында арақтың елімізге, келешегімізге қаншалықты қауіпті екендігі кеңінен сөз болды.
Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысына қатысушылар аудан халқына арақ пен темекіден, есірткіден бас тарту жөнінде үндеу жариялады. Бұл игі іс көпшіліктен қолдау тауып, әр ауылдарда осы бағытта қызу жұмыс жүргізіле бастады.
Әсіресе, арақтан бас тартқан Жусансай ауылында ішімдіктің кесірінен болатын қылмыс атау¬лы көптен бері «келмеске кеткен» екен. Бұл бастаманы кешегі күні Көктөбе мен Қайнар ауылдарының тұрғындары қолдаса, кейін Аманкелді ауылында үлкен іс-шара өтті.
Алаңға орнатыл¬ған үлкен сахнаға шыққан ақындар аудандағы осынау игі іс-шараны бастаған азаматтардың барлығына алғыс айта келе бұл сауапты жұмыстың жалғаса бере¬тініне сенім білдірді.
Осылайша, аудан зиялыларының үндеуіне үн қосқан Аманкелді ауылында енді «ішкілікке орын жоқ».

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*