Қазақ әдебиеті антологиясы француз тілінде

Парижде заманауи қазақ әдебиетінің екі антологиясын француз тілінде тарату, басып шығару және аудару жұмысына араласатын шығармашылық концорциумның қатысушылары анықталды.
Жоба қатысушылары Париждің бірінші округінің мэриясы мен елордалық мәдени бірлестіктің қолдауымен іріктелді. Олар Қазақстанның бұрыннан келе жатқан достары екені белгілі әрі жобаның стратегиялық серіктестері атанды.
Сондай-ақ, қазақстандық бастаманы Француз ұлттық кітаптар орталығы қолдады және аталмыш ұйым өкілдері кітап сапасының сыртқы рецензенті болады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ұлттық комиссия ондаған француз баспаларын және стратегиялық серіктестердің ұсыныстарын қарай отырып, өнер және әдебиетті дәріптеу бойынша аударма және баспа ісінде 30 жылдан астам тәжірибесі бар Мишель Де Мол (Michel de Maule) баспасын таңдауды ұйғарды. Оның негізін салушы және бас редакторы – танымал француз лингвисі, ақын Тьерри-де-ла-Круа (Thierry de La Croix). Меморандумға қол қою кезінде баспашы әрі әдебиетші ретінде жобаның француз оқырманына жаңа мәдениетті ашатын зор әлеуетін байқайтынын айтты.
Париждің Мәдени бірлестігінің президенті мадам Карла Оригони (Carla Arigoni) жобаның академиялық маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, антология мәтінінің әдеби және эстетикалық құндылықтан бөлек зерттеушілік мәні бар.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*