«Самсондықтар» – қола жүлдегер

9 мен 12 шілде аралығында Көкшетау қаласында «Жас құтқарушы» командалары арасында Республикалық жасөспірімдер жарысы өтті.
Турнирге Парламент Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ерсұлтан Бектұрғанов қатысып, жас құтқарушыларға жоғары деңгейлі дайындықтарын көрсетеді деп сенім білдірді.
Жарысқа республикамыздың 12 облысынан командалар қатысып, үш күн бойынша өз қабілеттерін қөрсетті.
Соның ішінде Жамбыл облысы намысын Мұрат Жүсіпов, Гүлзат Әлімжан, Ерсұлтан Бектас, Ерасыл Оспаналі, Саржан Ақпанбетов, Ахантай Пашан және команда капитаны Мирас Қожақов сынды 7 баладан тұратын Жамбыл ауданы, Аса ауылының №1 орта мектебінен келген «Самсон» командасы қорғады.
«Самсондықтан» жарыстың екінші күні өрт сөндіру эстафетасынан және апаттық-құтқару жұмыстары кезеңдерінде үздік нәтиже көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Ақмола облысынан келген жас құтқарушылар бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орынға Солтүстік Қазақстан облысы тұрақтаса, Жамбыл облысы қола жүлде иеленді.
Барлық командаларға диплом, грамота және бағалы сыйлықтар табысталды.

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*