Тағылымдамашылар шерткен тәтті күй

Жуырда ІІМ Оқу орталығында (Қостанай қаласы) елорданың мрейтойына орайластырылған іс-шара ұйымдастырылды.
Оған Оқу орталығының басшылығы, жеке құрамы және арнайы алғашқы оқыту курсының тағылымдамашылары қатысты.
Салтанатты іс-шара Мемлекеттік әнұранның орындалуымен ашылып, Оқу орталығының бастығы, полиция полковнигі Ардақ Бүкіров әріптестері және тағылымдамашыларды мерекемен құттықтады.
– Бүгінгі таңда елдің төрі – елордамыз барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналды. Астана – қарыштап дамыған мемлекеттің нышаны, әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеудің айқын дәлелі. Жарқын қаламыз одан әрі өсе берсін, біз ол үшін барлық күш-жүгерімізді жұмсауымыз қажет. Қуанышқа толы мереке күні сіздерге зор денсаулық, табыс және бақыт тілеймін, – деп өзінің жүрекжарды лебізін білдірді.
Құттықтау сөзінен кейін шара Оқу орталығының тағылымдамашылары дайындаған мерекелік концертке ұласты. Өнерлі жастар ән мен күйден шашу шашып, шараның қызықты өтуіне атсалысты.

А. СҮЙЕНБАЕВА, Қостанай қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*