Жасөспірімдерді құтқарған жасақ

Суға шомылу маусымы басталысымен атты патруль қызметкерлері тұрғындардың демалу орындары мен жағажайларды, соның ішінде тыйым салынған орындарды да бақылауға алады. Ақтөбе қалалық ІІБ жол-патрульдік полициясының атты патруль қызметкерлері, полиция аға лейтенанты Алмат Тоқтамысов пен полиция сержанты Куанышбек Файзолла рейдік шаралар кезінде суға кетуден үш баланы құтқарып қалды.
2018 жылдың шілде айының 8-нде шамамен сағат 16-лар шамасында полиция қызметкерлері Сүт зауыты ауданы маңындағы «жабайы жағажайлардың» бірінде суға түсіп жүрген үш жасөспірімді байқайды. Бір мезетте оларды су ағысы алып бара жатқанын әрі өз бетінше жағалауға жете алмайтындарын көріп, дереу көмекке ұмтылады.
Алдымен балаларды құтқаруға полиция сержанты Алмат Тоқтамысов ұмтылады. Ол судан бір баланы алып, қасындағы әріптесі, полиция сержанты Қуанышбек Файзоллаға табыстайды. Қайтадан суға секіреді. Өйткені, тағы екі баланы судан аман алып қалу керек. Файзолла да суға секіріп, балаларды құтқаруға ұмтылады. Сөйтіп, тәртіп сақшылары Алмат Тоқтамысов пен Қуанышбек Файзолланың аяқ астынан болған оқиғада тез арада батыл қимылдауы нәтижелерінде үш жасөспірім құтқарылды. Балаларды тәртіп сақшылары аман-есен ата-аналарына тапсырды.
Алмат Тоқтамысов атты патрульге үш жыл бұрын ауысқан еді. Атты өзіне сенімді серік еткен полицейлер таң атысымен қала шетінде рейдік бақылаулар жасап, тұрғын үйлер мен саяжай массивтерінде құқық бұзушылықтардың алдын алуға үлес қосады.

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*