Аймақтарда халықпен жүздесуде

Мәжіліс депутаттары бүгінгі таңда өңірлерде халықпен және еңбек ұжымымен кездесулер өткізуде. Алғашқы сапар Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ, Астана мен Шымкент қалаларында өтті.
Парламент депутаттары халықты Мемлекет басшысының негізгі бағдарламалық құжаттары мен бастамаларын іске асыру үшін қабылданған заңнамалық жаңалықтар туралы хабардар етеді. Сапар барысында үшінші сессияның заңнамалық қызметінің нәтижелері туралы ақпараттандырады. Бүгінгі таңда қаралған 129 заң жобасынан 84 заң жобасы қабылданды.
Сонымен қатар, кездесуде Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру тетіктеріне ерекше назар аударылады.
Мәжіліс депутаттары Гүлнар Бижанова мен Серік Сәпиевтің Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы Қушоқы ауылындағы «Ботақара жылу» еңбек ұжымымен кездесуінде халықты «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алудың тетіктеріне қызығушылық танытты.
Кездесу барысында аудан үшін өзекті мәселелерге де назар аударылды. Атап айтқанда, 60-жылдардың басында салынған жергілікті су желілерін қалпына келтіру мен жедел жәрдем бөлімшесінің жабылуы сияқты проблемалар көтеріліп, өз кезегінде Мәжіліс депутаттары бұл мәселелерді дербес бақылауларына алды.
Халық қалаулылары өңірлерде әлеуметтік және өндірістік нысандардың еңбек ұжымдарымен кездесуде бірінші кезекте заңнамалық деңгейде, экономиканың әртүрлі салаларын дамыту жөніндегі қажетті қолдау шараларын талқылауда.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*