Инвестициялық әріптестік жанданбақ

Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Швейцарияның федералдық кеңесшісі және экономика, білім беру және зерттеулер федералды департаментінің басшысы Йоханн Шнайдер-Амманмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында сауда-экономикалық қарым-қатынасты одан әрі нығайту, инвестициялық әріптестік және аймақаралық өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша бірлескен жобалардың перспективасы талқыланды.
Б. Сағынтаев еліміздің энергетика, көлік, шағын және орта бизнес салаларындағы тығыз әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа, сондай-ақ, жаңа технологиялар мен ноу-хау трансфертін реттеуге қызығушылық танытатынын атап өтті. Бүгінгі таңда Қазақстанда швейцариялық компаниялардың қатысуымен машина жасау, құрылыс, агроөнеркәсіп және тау-кен металлургия кешендері салаларында жобалар сәтті іске асырылуда.
Сонымен қатар, Премьер-Министр ҚР-да шетелдік инвесторлар үшін елеулі салықтық және кедендік жеңілдіктермен қолайлы инвестициялық ахуал жасалғанын айтты. 2017 жылдың басынан бері Швейцария азаматтары үшін 30 күндік визасыз режим енгізілді. Қабылданған шаралар алдағы жылдары Қазақстан экономикасына инвестициялар салып, технологиялар трансфертін жүзеге асырушы Швейцария кәсіпорындарының санын ұлғайтуға жол ашады.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*