Халық қалаулысымен кездесті

10 шілдеде ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтында Парламент Мәжілісінің депутаты Е. Бектұрғановпен кездесу өтті.
Іс-шараға «Нұр Отан» партиясының Көкшетау филиалы Төрағасының бірінші орынбасары З. Нұрымова қатысты.
Институт жеке құрамымен кездесу алдында Ерсұлтан Өтегенұлы оқу орнының жаңадан ашылған мұражайына барып, өз тілектерін ұсыныс кітабында қалдырды. Содан кейін депутат өрт қауіпсіздігі саласында бірегей ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін елде теңдесі жоқ қондырғылар жиынтығы бар зертханамен танысты. Сонымен қатар, курсанттар күштер мен құралдарды жаю бойынша нормативтердің орындалуын көрсетті.
Депутаттың оқытушы-профессорлық құраммен және олардың тәрбиеленушілерімен кездесуі азаматтық қорғау полковнигі С. Шәріпхановтың құрметті қонаққа білім беру мекемесінің проблемалық мәселелеріне, жалпы азаматтық қорғау жүйесінің жетілдірілуіне назар аударып жүргені үшін алғыс білдіруімен басталды.
Депутат Е. Бектұрғанов Парламент Мәжілісінің заң шығарушылық жұмысы туралы баяндап, Елбасының «Қазақстандағы төртінші индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауына тоқталып, Ұлт Көшбасшысының бағдарламалық құжаттарының орындалуы барлық қазақстандықтар үшін ортақ міндет болып табылатынын және әрбір нақты тапсырманың ауқымды негізде орындалуын қамтамасыз ету арқылы ортақ табысқа сөзсіз жететінімізді атап өтті.

Институттың баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*