Сотталғандарға жан-жақты көмек

Жуырда Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінде облыс аумағында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен ҮЕҰ мен мемлекеттің өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі 2016-2020 жылдарға арналған ұлттық жоспарға сәйкес жұмыс кездесуі өтті.
Іс-шараға «Туған жер» қоғамдық қозғалысы қауымдастығының өкілі М. Қолқанатова, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Ж. Тұсмағамбетов, «Ақиқат нұры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М. Нұржанов, «Арылу» қоғамдық қорының жетекшісі Т. Камалов және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Жиынды Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы, әділет полковнигі Ғ. Отарбаев ашып, сотталғандарға үкіметтік емес ұйымдар тарапынан әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және өзге де көмектердің көрсетілуіне, тәртібіне, қайтадан қылмыс жасамауына ықпал етуі үшін бірігіп жұмыс істеу керектігін айтты. Кездесу «Сотталғандарға үкіметтік емес ұйымдар тарапынан әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және өзге де көмектердің көрсетілуі» тақырыбында өтіп, бірқатар мәселелер қарастырылды.
ҚАЖ департаментінің Сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бойынша тобының бас маманы, әділет капитаны Ж. Есмаханов психологиялық тәрбие бойынша сотталғандарға әртүрлі бағытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыстар жасалып жатқандығы жөнінде айтып өтті. Мысалы, денешынықтыру тәрбиесі бойынша Спорт басқармасымен бірлесіп көптеген спорттық шаралар және эстетикалық тәрбиеге байланысты Мәдениет басқармасымен бірігіп жұмыстар атқарылып жатыр. Алдағы уақытта да сотталғандарға үкіметтік емес ұйымдар тарапынан әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және өзге де көмектердің көрсетілуі бойынша жұмыстар жүргізілмек.

Ж. ЕСМАХАНОВ, Қызылорда облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*