Күшейтілген режимге көшті

Өңірлік коммуникация қызметінің ақпараттық алаңында Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі А. Орымбаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
Республикалық және өңірлік БАҚ тілшілерімен кездесу жаз мезгілінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құтқарушы қызметтерінің суға түсу маусымына дайындығына арналды.
А. Орымбаев осы жылы өткен 6 айдағы департаменттің өрттің алдын алу және жою жұмыстары туралы айтып берді. Жаз маусымы, оның айтуынша, ең қарқынды жұмыс істейтін кезең, яғни бұл уақытта ел аумағында өрт оқиғалары мен суда қаза болу жағдайлары көбейеді.
Биылғы бірінші жартыжылдықта 596 өрт тіркеліп, олардан келген шығын 20 млн теңгені құрайды. 11 млн 600 мың теңгеден артық сомаға бағаланған материалдық құндылықтар аман алып қалынды. Ал ең басты құндылық – ол адам өмірі. Есеп беру кезеңінде 250 адам құтқарылған, ТЖ аймағынан 462 адам көшірілді. 14 адам қаза тауып, 19 адам әртүрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алды.
Өрт қауіпсіздігі департаменттің тұрақты бақылауында. Тұрғын секторында өрттердің алдын алу бойынша кешенді іс-шаралар қатары жүзеге асырылуда. Есеп беру мерзімінде департамент қызметкерлері «Қауіпсіз көлік», «Үйдегі қауіпсіздік», «Көпқабатты ғимараттардағы қауіпсіздік», «Табиғат – өмірдің қайнар көзі», «Балаларды жалғыз қалдырмаңыздар» сынды акциялар мен түрлі флеш-мобтар ұйымдастырды.
Азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында облыстың 142 оқыту мекемесінде 15994 оқушы қамтылған 23 интерактивті сабақ және 116 ашық сабақ, департаменттің өрт сөндіру бөлімі мен өрт-техникалық орталығында 2 966 оқушыларға арналған 107 экскурсия ұйымдастырылды. Департамент қызметкерлері жылдың басынан бастап 40 229 адамды қамтыған 16 466 жиын өткізді.
Спикердің айтуынша, облыс су айдындарында 6 төтенше жағдай мен оқиға орын алған, нәтижесінде 6 адам суға кетсе, олардың 2-і – балалар. Барлық оқиғада адамдар арнайы жабдықталмаған орындарда суға шомылған, балалар ата-аналарының қарауынсыз болған.
Сондықтан ІІМ ТЖК Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 5 маусымнан шомылу маусымының соңына дейін қызметтің күшейтілген түріне көшті. ТЖД өкілдерімен және жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен бірлесіп, алдын алу үшін барлық жағдайларды жасап, облыс су айдындарында күн сайын рейдтер мен патруль жүргізеді. Бүгінгі таңда 484 рейдтік іс-шара ұйымдастырды.
Баспасөз мәслихаты барысында азаматтық қорғау подполковнигі А. Орымбаев тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*