«Оңалту түрмесінің» мақсаты не?

«ЕС-164/6 мекемесі» РММ-де «Оңалту түрмесі» пилоттық жобасы ашылды.
Оның мақсаттары: 1) мәселені шешуде мекеменің мемлекеттік органдарымен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылының ұйымдастырушылық негіздерін құру; 2) сотталғандарды бостандықтағы өмірге дайындау, серпінді әлеуметтендіру іс-шараларын өткізу; 3) сотталғандарға әлеуметтендіру процесінде көмек беру, т.б.
Семинарды ЕС-164/6 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, әділет майоры Қ. Сүлейменов ашып, келген қонақтар мен сотталғандарға «Оңалту түрмесі» пилоттық жобасының мақсаттарын, принциптерін таныстырып, одан күтілетін нәтиже туралы айтты.
Семинарға жергілікті атқарушы органдарының өкілдері шақырылды. Олар – Жұмыспен қамтуды үйлестіру басқарамасының маманы Б. Мұрзатаев, Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы, полиция майоры Д. Шерстобитов; Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ДІБ ММ «ЦАРМО» маманы Р. Мұқан, т.б. Мамандар өз жұмысы бойынша сотталғандардың сұрақтарына толық жауап берді.

Ирина СУЛЕИНА, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*