Үгіт үмітті оятады

Жыл сайын Жамбыл облысы аумағындағы суаттарда шомылу кезінде жиырмадан астам қайғылы оқиға тіркеледі.
Осыған байланысты, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті шомылу кезінде адамдардың өлімін болдырмау мақсатында халықпен белсенді алдын алу профилактикалық жұмыстарын жүргізуде.
Жуырда Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі, жедел-құтқару жасағы, полиция қызметкерлері, әкімдіктердің ТЖ бөлімдері инспекторлары, т.б. бірлесіп, Талас өзеніндегі табиғи жағажайларда, атап айтқанда, «Бөбек» санаторийі, «Тектұрмас» көпірі, Автобекет маңында үгіт-насихат жұмыстары өтті.
Сонымен қатар, хабарландыру көлігімен дауыс зорайтқыш арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде облыс тұрғындарына және қонақтарға қарапайым судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы айтылды.

Айгүл ШАХАБАЕВА, Тараз қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*