Ізін суытпай құрықтады

Түркістан облысының тәртіп сақшылары букмекерлік кеңседен ұялы телефон ұрлаған күдіктіні «ізін суытпай» ұстады.
6 шілде күні Мақтарал аудандық ІІБ-не жергілікті тұрғын арызданып, Жетісай қаласындағы букмекерлік кеңселердің бірінде белгісіз біреу ұялы телефонын ұрлап кеткенін хабарлаған.
Аталған дерек Мақтарал аудандық ІІБ-ның сотқа дейінгі бірыңғай тергеп- тексеру тізіліміне ҚК-нің «ұрлық» бабымен тіркелді.
Мақтарал аудандық ІІБ қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде Түркістан облысының 35 жастағы тұрғынын анықтап, ізін суытпай ұстады.
Қазіргі таңда полицейлер күдіктінің басқа да ұрлық қылмыстарына қатыстылығын тексеруде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Түркістан облыстық ІІД
Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*