Суда сақ бол!

10 шілдеде Батыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар кызметінің ақпараттық алаңында «Жазғы мезгілде суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында брифинг өтті.
Кездесуге Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, подполковник А. Ахметжанов, Жедел-құтқару жасағының суда-құтқару қызметі басшысы А. Еремеев қатысты.
Журналистер алдында подполковник А. Ахметжанов азаматтық қорғау жүйесінің ең басты мақсаттарының бірі – жаз мезгілінде су айдындарында адамдардың өмірі мен денсаулықтарын қорғау болып табылатынын айта келе, облыстық ТЖД жергілікті атқарушы және мүдделі органдарымен бірлесіп, су айдындарында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша кешенді іс-шаралар жүріп жатқанын жеткізді.
Осыған орай, адамдардың қаза болуының алдын алу бағытындағы шараларды жүзеге асыру үшін облыс әкімі «Облыстағы су айдындарында ТЖ алдын алу бойынша жоспар» бекіткен болатын.
Жоспарда су айдындарында адамдардың қаза болуының алдын алуға бағытталған кешенді шаралар көзделіп, нақты орындалу мерзімдері көрсетілген. Сондай-ақ, тиісті қызметтер мен ұйымдарға судағы қауіпсіздік шараларын және тұрғындарға суға түсуге жағдай жасау бойынша нақты тапсырмалар анықталғанын атап өтті.
– Облысымздың өзен-көлдерінде Батыс Қазақстан облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдтер өткізілуде. Осы күнге дейін облыс тұрғындарына 9348 жаднама таратылды. Бұл жұмыстарға еріктілер де қатыстырылуда, – деді А. Ахметжанов.
Суда-құтқару қызметінің басшысы А. Еремеев суға түсуге арналған орындар туралы жалпы ақпаратпен бөлісті.
Облыс әкімдігінің «Батыс Қазақстан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» қаулысына сәйкес облысымызда 69 орын белгіленген. Қазіргі уақытта оларды нақты иелердің атына тіркеу жүргізілуде.
Қазіргі уақытта қалада 4 жағажай бар. Олар – Мәдени және демалыс саябағында 3 орын және «Светлячок» туристік базасында 1 орын.
Балаларды суда жүзуге үйрету, судағы қауіпсіздік туралы сабақ өткізу үшін облысымызда 16 модульды-каркасты бассейн бар: Ақжайық, Бөкейордасы, Бөрлі, Зеленов аудандарында – 2, Жәнібек, Сырым, Қаратөбе, Теректі аудандарында – 1, Қазталов ауданында – 4. Қосымша 2019 жылы 11 модульды-каркасты бассейн алыну жоспарланды.
Мектеп және балар-сауықтыру лагерьлері директорларының, сондай-ақ, демалу орнындары иелерінің өтінімдеріне сәйкес облыс және қала аумағында орналасқан су айдындарында 14 жағажайдың су астын тексеру жұмыстары жүргізілді.
– Қазіргі таңда облыс су айдындарында «Суға түсуге тыйым салынады» деген белгілер және су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау туралы стендттер орнатылды.
Жалпы облыс бойынша мамырдан бастап қыркүйекке дейін су айдындарында адамдардың қаза болуын болдырмауға бағытталған барлық алдын алу іс-шараларын өткізу жоспарлануда, – деді А. Еремеев.
Подполковник А. Ахметжанов облыс бойынша статистиканы айта кетті. Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырылған шараларға қарамастан Батыс Қазақстан облысында 2018 жыл суға шомылу маусымы басынан бері су айдындарында 2 адам қаза болды.
Брифинг соңында журналисттер өз сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*