Тәртіптен нәтиже туындайды

Жітіқара ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі мен №5 Өрт сөндіру бөлімі басшылығы аудандық гарнизон қызметкерлерінің қызметтік куәліктеріне, жетондарына, сыртқы тұрпат пен арнаулы киімдерінің болуына тексеріс жүргізді.
Жітіқара ауданы №5 Өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Р. Кнауб мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексі талаптарын сақтауы және «Құқық қорғау органдары туралы» заңның қызметтік және қызметтен тыс уақытта қызметтік көлікті пайдалануға қатысты нұсқаулық өткізді.
Департаменттің Кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы А. Арыстанова азаматтық қорғау органдарындп қызметтік куәлікті пайдалану, қолдану және сақтау бойынша нұсқаулық өткізіп, қатысушыларға биылғы бірінші жарты жылдықта облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің заңдылық, әскери-қызметтік, еңбек және көлік тәртібін сақтау жағдайлары бойынша жұмыстарына шолу жасады.
Сонымен қоса, департаменттің Кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы А. Арыстанова Денисов ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және №5 Өрт сөндіру бөлімінің басшылығына түсіндірмелік жұмыстарды өткізу қажеттігін көрсетті.

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*