Камера – сақшының көмекшісі

Шымкент қаласында ЖБО бейнекамералары арқылы 130-дан астам қылмыс ашылды.
Бүгінгі таңда Шымкент қалалық ІІД-нің Жедел басқару орталығында қоғамдық орындар мен халықтың көп жиналатын көшелерінде 479 бейнекамера орнатылған. Дәл осы жерден қоғамдық орында орын алған қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды, автокөлікті анықтап, оны құрықтау немесе ұстау үшін Жергілікті полиция қызметі Жол-патрульдік полиция полкінің арнайы автокөліктегі экипаж құрамын жолдап, ұсталған азаматты аудан бойынша полиция бөліміне жеткізіледі. Сосын әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны бойынша Жергілікті полиция қызметкерлері хаттама толтырады.
2018 жылдың 6 айында ЖБО бейнекамераларының көмегімен 134 қылмыс ашылса, оның ішінде 76 ұрлық, 5 автокөлік ұрлығы, 15 тонау, 8 бұзақылық және 4 заңсыз қару сақтау жайттары бар.
Шымкент қаласы көшелерінде қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ЖБО қызметкерлері тарапынан «нөлдік төзбеушілік» бойынша да үнемі алдын алу жұмыстары жүргізіліп тұрады. Сонымен қатар, Шымкент қаласының 21 қиылысында орналастырылған «Интегра» интеллектуалды жүйесі бейнекамераларының маңызы өте зор. Себебі, «Интегра» арқылы жол жүру ережесін бұзған автокөлікті анықтау оңай. Атап айтсақ, жалған мемлекеттік белгі тағып жүрген автокөліктерді анықтау іс-шарасының нәтижесінде әртүрлі сипаттағы 385 автокөлік анықталып, заңды шешімдер қабылданған.
Аталған кезең барысында Шымкент қалалық ІІД ЖБО бейнекамералары арқылы 27 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталған, оның 15 мыңы ҚР жол жүру ережесін бұзғаны бойынша. Ұсақ бұзақылық үшін 2026 азамат әкімшілік жауапқа тартылған болса, қоғамдық орында тәртіпсіздігі үшін – 1112 және қоғамдық орында алкогольді ішімдік ішкені үшін 1766 адамға хаттама толтырылды.

Шымкент қалалық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*