Есірткімен пайда тапқан

Арыс қаласының полицейлері марихуана сатумен айналысқан күдіктіні ұстады.
Арыс аудандық ІІБ-нің қызметкерлері шілде айының басында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі затын сақтады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Күдіктінің автокөлігін тінту барысында 10 дана қағазға оралған хош иісті, кептірілген есірткі затына ұқсас зат тәркіленіп алынды. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген заттың салмағы 50 гр астам болып отыр.
Тергеу барысында ұсталған азамат есірткі затын Арыс қаласының тұрғынынан алғанын айтқан. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Арыс аудандық ІІБ-нің қызметкерлері есірткі сатушыны анықтап, ұстады. Оның үйін тінту барысында полиэтиллен пакетке салынған 50 гр марихуана тәркіленіп алынды.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚК-нің «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Есірткі сатушы қамауға алынды.

Түркістан облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*