Рекордшы Анастасия

Жуырда Алматы қаласындағы «Динамо» стадионында өткен өрт-құтқару спортының құрылғанына 60 жыл толу құрметіне орайластырылған ІІМ өрт сөндірушілері мен құтқарушылары спорт федерациясының кубогына арналған халықаралық турнирде Павлодар қаласы №34 Өрт сөндіру бөлімінің тылдық қамтамасыз ету аға шебері екі жарыс түрінде жеңімпаз атанды.
Жарыстардың екінші күні спортшылар кедергілері бар 100 метрлік жолақты өтуден жарысты. Жеке сынақта әйелдер арасында Анастасия Потоцкая ара қашықтықты 16,87 секундта жүгіріп өтіп, Қазақстанның рекордын орнатты.
Анастасия ұзақ жылдар бойы спортпен айналысып жүр. Оның бүгінгі жетістігі соның дәлелі. Ол Қазақстан Республикасының жеңіл атлетикадан спорт шебері. Павлодар қаласындағы №2 БЖСМ балалар бапкері болып қызмет еткен. 2016 жылы павлодарлық гарнизонға қызметке келді.
Анастасия 2017 жылы кедергілері бар 100 метрлік жолақты өтуден Астана қаласында өткен ҚР қысқы чемпионатының, 2017 жылы Ақтау қаласында кедергілері бар 100 метрлік жолақты өтуден ҚР жазғы чемпионатының жеңімпазы. Оның қоржынында 2017 жылы Түркияның Измир қаласында жауынгерлік өрістетудегі жазғы Әлем чемпионатының күміс медалі де бар. Сол чемпионатта Анастасия 4х100 метр жарысында қысқы Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2018 жылы ҚР қысқы чемпионатында Өскемен қаласында оқу мұнарасының екінші қабатына шабуыл сатысымен көтерілу бойынша қола жүлдегер болды.
Осы жарыстарда Анастасия өзінің жетістіктерін жақсартты. Біз оны жеңісімен құттықтаймыз және Анастасияға одан да үздік нәтижелерге жетуді тілейміз.

өПавлодар обысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*