«Қайсардың» қарымы күшті

Қызылорда қалалық пробация қызметі және Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен волейболдан жарыс өтті.
Спорттық шараға түзеу мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұратын және белгілі бір тұрағы жоқ азаматтардан жасақталған 3 құрама қатысты.
Жарыстың басты мақсаты – азаматтарды қоғамға бейімдеу, уақытын тиімді пайдалануға жағдай жасау және оларды саламатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Тартысты өткен спорттық бәсекенің нәтижесі бойынша І орынды «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталықтың» есебінде тұрған «Қайсар» құрама командасы иеленсе, ІІ орынды Пробация қызметінің есебіндегі шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған және бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға тартылған азаматтардан жасақталған «Бүркіт» командасы қанжығасына байлады. Ал ІІІ орынға Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды бейімдеу орталығының есебінде тұрған азаматтардан құралған «Қыран» командасы табан тіреді.
Жеңімпаз командалар мен қатысушылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Қызылорда қалалық пробация қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*