Үшінші қарауыл үздік шықты

Астананың 20 жылдығына орай 3 шілдеде кезекші ауысымның әскери және спорттық рухын көтеру, сонымен қоса, жеке құрамның арасынан үздік ойыншыларды анықтау мақсатында Көкшетау қаласы 26-МӨСБ-де спорттық жарыстар өтті.
Жарысқа қатысушылар арқан тарту, кір көтеру және футбол секілді спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтады. Жарыстың қорытындысы бойынша І орынды ІІІ қарауыл жеңіп алды.
Спорттық жарыстар соңында Көкшетау қаласы 26-МӨСБ мәжіліс залында жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды. Барлық қатысушы жарыстың өткеніне ризашылық білдіріп, осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табуын қалайтынын жеткізді.

Көкшетау қаласы 26-МӨСБ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*