Сотталғандар жеңіске жетті

Астана күні қарсаңында «ЕС-164/3 мекемесі» РММ-де сотталғандар арасында жыл сайын өтетін кезекті жазғы спартакиада салтанатты түрде ашылды.
Келесі күні мекеме әкімшілігі мен сотталғандар арасында шағын футболдан жарыс өтті. Бұл кездесу – жазғы спартакиаданың алғашқы турнирі.
Жарыс өте тартымды да тартысты жағдайда өтті. Екі топ та жақсы деңгейде бақ сынасты. Жеңіске деген ықылас әрбір қатысушының көзінен көрініп тұрды.
Алайда, сотталғандар құрамасының ойыны нәтижелі болып, жеңімпаз атанды. Ойыннан кейін қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, алдағы уақытта осындай кездесулерді жиі өткізіп тұруды ұйғарды.

Бекзат НАУРЫЗБАЕВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*