Әсерлі біріншілік

Астана күніне орай Қарағанды қалалық Ішкі істер басқармасының ұйымдастыруымен ішкі істер органдарының бөліністері арасында шағын футболдан біріншілік өтті.
Сайысқа барлығы 11 команда қатысып, тартыс бәсекенің қорытындысы бойынша 1-орынды Қарағанды қалалық ІІБ Жаңа Майқұдық ПБ командасы жеңіп алды.
2-орын Қарағанды қаласы Михайлов ПБ командасына, 3-орын Қарағанды қалалық ІІБ командасының қанжығасына байланды.
Сайыс соңында жеңіске жеткен командаларға кубокпен қоса мақтау қағаздары және құнды сыйлықтар тапсырылды. Басқа командалар да құрқол қайтқан жоқ.
Турнир өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айта кету керек. Бұл жарыстан ішкі істер органдарының барлық қызметкері үлкен әсермен қайтты.

Әсемхан САҒАТҚЫЗЫ, Қарағанды қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*