Мекемедегі тартысты турнир

Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесі қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс өтті.
Мекеменің 9 бөлімінің қызметкерлерінен 4 топ құрылды. 1-ші топ – Режим бөлімі мен тексеру тобы, 2-ші топ – Кезекші бөлім, ведомстволық өрт күзеті, 3-ші топ – басшылық, Жедел бөлім, медициналық-санитарлық бөлім, 4-ші топ – Сотталғандар арасында тәрбие жұмысы бөлімі.
Спорттық іс-шараны облыстық ҚАЖД «ЕС-164/3 мекемесі» РММ-нің бастығы, әділет полковнигі Арман Бахытжанұлы ашып, барлық қатысушыға сәттілік тіледі.
Айналмалы жүйе бойынша өткен жарыстың қорытындысында 3-орынды Сотталғандар арасында тәрбие жұмысы бөлімі, 2-орынды 3-топ жеңіп алса, бас жүлде иегері ретінде 2-топ танылды. Ойын барысында «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы» номинациялары бойынша қатысушылар анықталды.
«Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша «ЕС-164/3 мекемесі» РММ-нің РБ бастығы, әділет майоры С. Шалдыкенов, «Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша «ЕС-164/3 мекемесі» РММ-нің СаТЖБ жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты С. Ботаев, «Үздік қақпашы» номинациясы бойынша «ЕС-164/3 мекемесі» РММ-нің МБКК әділет аға лейтенанты С. Мұхамбетов анықталды.
Жарыс қатысушылары ойыннан жақсы әсер алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктар, мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Асқар АБИЛЬЕВ, Петропавл қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*