Полицейлер – сайыс жеңімпазы

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 5 маусым – 2 шілде күндері аралығында мемлекеттік тіл курсы тыңдаушылары арасында Қазақстанның елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай «Мерейі асқақ Астана» онлайн эссе байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, мемлекеттік тіл курсы тыңдаушыларының эссе жазу дағдысын дамыту, тіл мәдениетін арттыру, үздік сауатты жұмыс авторларын анықтау, қолдау, марапаттау. Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау сынағы – Қазтестке дайындық машықтарын жетілдіру.
Байқау облыс көлемінде ұйымдастырылып, оған мемлекеттік ұйымдардың қызметшілері, құқық қорғау органдары мен білім және медицина саласының қызметкерлері қатысты.
Облыстық эссе байқауының бас жүлдесін Ақтөбе қалалық ІІБ Сазды ПБ кезекші бөлімінің жедел кезекшісі, полиция майоры Әсет Сағынтаев жеңіп алса, жүлделі II орынды Ақтөбе қалалық ІІБ жедел-криминалистикалық бөлімінің аға криминалисі, полиция майоры Эрих Тұрғанбаев және III орынды Ақтөбе қалалық ІІБ Кадр жұмысы бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Нұрсая Қуанышбекқызы иеленді.
Аталған байқауға белсене қатысқаны үшін Ақтөбе қалалық ІІБ Заречный ПБ штабының инспекторы, полиция капитаны Ләззат Ахметова Алғыс хатпен марапатталды.

Ақтөбе облыстық ІІБ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*