950 жадынама таратылды

Астаналық ТЖ департаменті Орталық аймақтық жедел-құтқару жасағымен бірлесе бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен суда шомылу қауіпсіздігі бойынша көшпелі брифинг өткізді.
Суға шомылу кезеңі басталысымен астаналық жағажайда құтқарушылардың кезекшілігі ұйымдастырылады. Суға түсетін жағажай қалыпқа келтіріліп, жаппай суға шомылу басталады.
Алайда, адамдардың қаза болу жағдайлары көбінесе шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алуда. Оның басты себебі – суға түсудегі қауіпсіздік ережелерін сақтамау.
Биыл суға шомылу маусымы басталысымен су қоймаларында 8 адам қаза тапты, оның 5-і балалар. Былтырғы сәйкес мерзімде 12 адам қаза тауып, оның 1-і бала болған еді. Биыл құтқарушылар судан 4 адамды құтқарды.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе әрдайым рейдтік жұмыстар жүргізіп отырады. Рейд кезінде 17 әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, оның ішінде 440-бап бойынша (ішімдік ішу) – 11 факт, 364-бап бойынша (суға шомылуға рұқсат етілмеген жер) – 6 факт тіркелді. 5 факт бойынша Жергілікті полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырды.
Рейдтер кезінде ескерту парақшалары таратылып, профилактикалық әңгімелер жүргізіледі. Осыған дейін 21 рейд өткізіліп, 950 ескерту парақшасы таратылды.

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*