ЕҚЫҰ сессиясына қатысуда

Қазақстан Парламентінің делегациясы 7-11 шілде аралығында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Берлиндегі жыл сайынғы 27-ші сессиясына қатысуда.
Қазақстандық делегация құрамына Сенат депутаттары Төлеубек Мұқашев, Дулат Құсдәулетов, Михаил Бортник, сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары Светлана Бычкова мен Құралай Қаракен енген.
Берлин сессиясы «ЕҚЫҰ аясындағы міндеттемелерді орындау: парламенттер рөлі» тақырыбына арналды. 8 шілдедегі жалпы отырыс барысында тарихи Рейхстаг ғимаратында Ұйымға қатысушы мемлекеттердің мүшелері ЕҚЫҰ кеңістігіндегі ұзаққа созылған текетірестер, Еуропадағы көші-қон шиеленістері, терроризммен күрес, әйелдер құқықтарын кеңейту мен олардың қақтығыстарды болдырмауға және оны шешуге қатысуы секілді әлем қоғамдастығы алдында тұрған қазіргі заман қатерлерін талқылады.
ЕҚЫҰ ПА сессиясына қатысушылар текетірестерді бейбіт шешу, мемлекеттердің егемендік теңдігі және олардың аумақтық тұтастығы, халықаралық құқық ережелерінің сақталуымен қатар Ұйымның қағидаларынан айнамайтынын нақтылады.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*