Пойыз апатының құрбандары артты

Түркияның батысындағы Текирдаг провинциясында жолаушылар пойызының аударылуы салдарынан қаза тапқандар саны 24-ке жетті. Бұл туралы «Анадолы» агенттігі хабарлады.
Түркия вице-премьері Режеп Акдаг оқиға орнындағы іздестіру-құтқару істері кеше таңертең 06:00-де аяқталғанын мәлімдеді. Шенеунік оқиғаның себептері егжей-тегжейлі тексеріліп жатқанын жеткізді.
Денсаулық министрі Ахмет Демирджанның айтуынша, 318 жолаушы ауруханаға жеткізілген, соның 124-і тұрақты емделіп жатыр.
Еске сала кетейік, 8 шілде күні Түркияның Текирдаг провинциясының Чорлу ауданында Капикуле-Ыстанбұл бағдарындағы 362 жолаушысы, 6 темір жол қызметкері бар пойыз рельстен шығып кеткен болатын. Елдің Көлік министрлігінің мәліметінше, оқиға жауын-шашыннан кейін топырақтың жұмсаруынан болған.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*