Ми-8 тікұшағы құлады

Ыстықкөлде Әуе қорғаныс күштерінің тікұшағы жерге қонып жатқан кезде бір қырымен аударылып қалған.
«9 шілдеде Оңтүстік Энильчек алаңында құтқару операциясын жүргізу кезінде Қырғызстан Республикасы Қарулы күштерінің Ми-8 МТВ тікұшағы апатқа ұшырады», – деп хабарлады Қырғызстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғаныс күштерінің баспасөз қызметі.
Атап өтілгендей, тікұшақ жерге қону кезінде қатты желдің салдарынан сол жақ қырына аударылып кеткен. Алдын ала дерек бойынша, 4 адам зардап шекті. Қазіргі таңда зардап шегушілер эвакуацияланып жатыр.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*