36 отбасы жаңа пәтер иеленді

Қарағанды облысы, Абай ауданындағы 36 отбасы үшін Астананың мерейтойы ерекше болды. Осы мереке күні олар өздерінің жеке баспанасын иеленді. Жаңа пәтерлердің кілттерін қоныстанушыларға облыс әкімі Ерлан Қошанов табыстады.
«Бірінші кезекте барлықтарыңызды елордамыздың 20 жылдығымен құттықтағым келеді. Бұл тек астаналықтардың ғана емес, бүкіл қазақстандықтардың мерекесі. Әр отбасы үшін ең бастысы – өзінің жеке баспанасы болғаны, ол – нағыз бақыт. Бүгінгі таңда біз, шынымен де, Абайдың және жалпы ауданның тұрғындары үшін көптеген жұмыстарды жасап жатырмыз. Қаланың қалай гүлденіп келе жатқанын байқаған шығарсыздар. Бірінші кезекте біз тұрғындардың жағдайын жақсарту үшін әлеуметтік нысандарды салып жатырмыз. Жуырда ғана жүзу бассейнін іске қостық, қазіргі таңда белсенді түрде дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр, 100 орынға шақталған жатақхана салынады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, біз тұрғын үйлерді салуды жалғастыратын боламыз. «Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында биыл екі үйдің құрылысы аяқталып, алғаш рет тұрғындар өз баспанасына ие болды», – деді аймақ басшысы.
Мердігерлердің айтуынша, екі көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысына бір жыл уақыт кеткен екен.
«Біз 2017 жылдың тамызының соңында жұмыстарымызды бастадық. Бір жылға жетер-жетпес уақыттың ішінде 72 пәтері бар екі үйдің құрылысын аяқтадық. Бірінші үйге адамдар қоныстады, тұрғындар өз баспаналарын мамыр айында алды. Бүгін біз екінші үйді қолданысқа беріп, жаңа иелерге пәтер кілттерін табыс етіп жатырмыз. Барлық жұмыс 100 пайыз орындалды», – деді «ККК ЛТД» ЖШС коммерциялық директоры Иван Малюшенко.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*