Өңірлердегі жаңа тағайындаулар

Еліміздің оңтүстігінде ІІМ-нің аумақтық құрылымдарының жаңа басшылары тағайындалды.
Шымкент қалалық және Түркістан облыстық ІІД-нің жаңа бастықтарын жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов таныстырды.
Ішкі істер министрінің бұйрығымен Шымкент қалалық ІІД бастығының лауазымына бұрын ІІМ департамент бастығы лауазымын атқарған полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетов тағайындалды.
Сонымен қатар, министрдің бұйрығымен Түркістан облыстық ІІД бастығының лауазымына полиция полковнигі Қайрат Дәлбеков тағайындалды.
Қ. Дәлбеков бұрын Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы лауазымын атқарды.
Министрдің орынбасары Берік Бисенқұлов Шымкент қалалық және Түркістан облыстық Ішкі істер департаменттерінің жаңа тағайындалған басшыларына жемісті еңбек тіледі.
Бұдан өзге, Ішкі істер министрінің орынбасары Берік Бисенқұлов жеке құрамға Жамбыл облыстық ІІД-нің жаңа бастығын таныстырды.
Ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық ІІД бастығының лауазымына полиция полковнигі Арман Оразалиев тағайындалды.
А. Оразалиев ІІМ Алматы жоғары мектебін тәмамдаған. Бұрын ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.
Берік Бисенқұлов жаңа тағайындалған облыстық полиция басшысына жемісті еңбек тіледі.
Сондай-ақ, Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменттерінің жеке құрамына жаңа басшыларын таныстырды.
Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаметінің бастығы болып әділет полковнигі Атэльбек Досмағамбетов тағайындалды.
А. Досмағамбетов РФ Свердлов заң институтын тәмамдаған. Бұрын Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы лауазымында қызмет атқарды.
Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы лауазымына бұрын ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Жедел басқармасының бастығы лауазымында болған әділет полковнигі Талғат Абдранбаев тағайындалды. ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебін тәмамдаған.
Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов департаменттердің жаңа бастықтарына жемісті еңбек тіледі.
Шымкент қаласы және Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменттерінің жаңа басшыларын жеке құрамға таныстырды.
Ішкі істер министрінің бұйрығымен Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымына азаматтық қорғаныс полковнигі Нұрболат Дербісов тағайындалды.
Н. Дербісов ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған. Бұрын Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымында қызмет атқарды.
Сонымен қатар, министрдің бұйрығымен Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы лауазымына азаматтық қорғаныс полковнигі Нұрғали Жүнісов тағайындалды.
Н. Жүнісов ІІМ Алматы жоғарғы техникалық училищесін тәмамдаған. Бұрын Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департамент бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.
Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов Төтенше жағдайлар департаменттердің жаңа бастықтарына жемісті еңбек тіледі.

ІІМ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*