Астана күнін атап өтті

Ақтөбеде тәртіп сақшылары Астананың 20 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті.
Ақтөбе облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Айдар Төкеев елорданың 20 жылдығымен жеке құрам мен ішкі істер органдарының ардагерлерін құттықтады.
«Астана – еліміздің бас қаласы. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Сарыарқа төрінде бой көтерген жаңа қала бүгінде қазақстандықтардың мақтанышына айналды. Еуразия төріндегі жаңа шаһардың кешегісінен бүгінге дейінгі бағындырған белестері мен жеткен жетісіктері орасан», – деп атап өтті құттықтау сөзінде ол.
Сонымен қатар, Ақтөбе облыстық ІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым Даулеталин елорданың әр қазақстандық үшін ерекше маңызы бар екеніне тоқталды. «Арқа төсінде әлемге әйгілі болған қала салдық. Біз бүгінде Елбасының экономикалық, әлеуметтік және құқық қорғау саласындағы реформаларының жемісі нәтижесінде жаңа белестерге қол жеткізіп келеміз. Бұл жай ғана мейрам емес, үлкен жауапкершілік жүгін арқалаған ерекше маңызды күн», – деп атап өтті.
Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Ақтөбе облыстық ІІД бастығының бұйрығымен 567 қызметкер марапатталды. Соның ішінде 8 қызметкер грамотамен және 6 қызметкер алғыс хатпен марапатталды. Және 550 қызметкерге алғыс жарияланып, ІІО-ның 10 ардагеріне де алғыс хат табыс етілді. 15 қызметкер алғаш рет және мерзімді әскери шендерін алды.

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*