Өнерпаз болсаң – арқалан

Таяуда елордалық күзет қызметі бөліністері қызметкерлері балаларының арасында «Ел жүрегі – Астана» атты патриоттық ән байқауы өтті. Биылғы жыл – ІІМ тарапынан «Бақытты балалық шақты қорғау» жылы деп бекітілген болатын.
Осы тұрғыда Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуге және «Бақытты балалық шақты қорғау жылы» жобасын іске асыруға арналған «Ел жүрегі – Астана» атты патриоттық ән байқауында бағын сынаушылар – Астана қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі және Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі қызметкерлерінің балалары.
Байқау екі кезең бойынша сұрыпталды. Әрбір қатысушы екі вокалдық ән, оның ішінде бірінші кезеңде қазіргі заман авторларының әндерін, екінші кезеңде еркін бағыттағы әндерді орындады. Әсіресе, «Астана», «Туған жер», «Менің болашағым», «Қазақпын», «Толғау» әндерін шырқағанда, көрермен дуылдата қол соқты. А. Сәкенов, Д. Жүніс, Г. Жүніс, М. Тілеш, Ә. Ерхан, А. Райнбек, Ж. Кәрібаева, А. Әбдіжәми, А. Низикенова, А. Рифхатова, С. Рифхатова, М. Қабденова сияқты жас таланттар өз өнерлерімен көптің көңілінен шыға білді.
Сондай-ақ, кеш соңында байқауға қатысушыларға диплом және бағалы сыйлықтар берілді. «Ел жүрегі – Астана» патриоттық ән байқауының қорытындысын жариялау және жеңімпаздарды марапаттау үшін Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Еркеболат Нұржігітов сөз сөйлеп, жас таланттардың өнерлерінің осылайша ұштала беруіне, әрқашан да жетістіктерге жетіп, елінің мақтанышына айналуларына тілектестігін білдірді.

Бауыржан БЕРІКҰЛЫ, суреттер автордікі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*