Күзет сақшыларының көркем ойыны

Астана қаласы МКҚБ жеке құрамы арасында саламатты өмір салтын насихаттау, оларды спортқа баулу, сондай-ақ, Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу мақсатында «Алатау» спорт кешенінде шағын футбол жарысы өтті.
Жарыстың ашылу салтанатында Мемлекеттік Әнұран орындалып, МКҚБ бастығы, полиция полковнигі А. Нұртазин спортшыларды құттықтап, оларға сәттілік тіледі.
Жарысқа ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы (бұдан әрі – ІІМ (Астана қаласы) МКҚБ), Астана қаласы МКҚБ, ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі (бұдан әрі – ІІМ ҮМКжПП) және ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің (бұдан әрі – ІІМ ДӨКжПП) командалары қатысты.
Жарыс ФИФА ережесіне сәйкес өтті. Команда құрамы 10 адамнан құралды. Тартысты өткен жарыста жүлделі 3-орынды ІІМ ҮМКжПП-нің құрама командасы, 2-орынды ІІМ (Астана қаласы) МКҚБ-ның командасы ұтса, жүлделі 1-орынды және ауыспалы кубокты Астана қаласы МКҚБ-ның командасы жеңіп алды.
Астаналық гарнизондағы күзет полициясы қызметкерлерінің арасында саламатты өмір салтын насихаттай отырып, олардың дене дайындықтарының деңгейін арттыру, спортқа бейімдеу арқылы бойында батылдық пен қайраттылықты қалыптастыру, өз қуат-күшіне сенімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған жарыстың «Үздік қақпашы» атағына Астана қаласы МКҚБ командасының ойыншысы, полиция лейтенанты Б. Имағамбетов, «Үздік қорғаушы» атағына ІІМ ҮМКжПП командасының ойыншысы, полиция аға лейтенанты Н. Халилов, «Үздік шабуылшы» атағына ІІМ (Астана қаласы) МКҚБ-ның бастығы, полиция полковнигі А. Нұртазин, «Үздік ойыншы» атағына ІІМ ДӨКжПП командасының ойыншысы, полиция аға лейтенанты Ш. Көшеров ие болды.

Күзет сақшыларының көркем ойыны
Мұхитдинхан АХЫНОВ, Астана қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*