Астана күніндегі аламан

Астана – кең дала төсіндегі жай қала емес, саяси ерік-жігер көрінісінің нышаны. Астана шаңырағы әлі де болса биіктей түспек. Сондықтан Астана күнін, яғни оның 20 жылдық мерейтойын атап өтудің түйінді міндеті – ел Тәуелсіздігінің идеялық мәні мен маңызын түсіндіруге негізделген.
Алматы-1 стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасы Алтынкөл стансасындағы ЖПБ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Астананың 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында шағын футболдан турнир өтті.
Алтынкөл стансасындағы ЖПБ, «Құрғақ порт» ЖШС, Алтынкөл кедені, Нұркент құрамасы, 2088 ә/б шекара қызметі құрамасы, ВЧД-26 құрамасы, АҚ Кедентранссервис құрамасы қызметкерлері белсенді қатысты.
Жарыстың мақсаты – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын атап өту, сонымен қатар, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі қағидаларын түсіндіру мен саламатты өмір салтына ынталандыру.
Жарыс нәтижесі бойынша Алтынкөл стансасындағы ЖПБ қызметкерлері 2-орынды иеленіп, полиция аға лейтенанты Д. Нұрқасымов «Үздік шабуылшы» атанды. Жүлделі орын иегерлері марапатталды.

Алматы-1 стансасындағы ІІЖБ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*