Кітап – шежіре тұңғиығы

Тарихтан ерекше орын алып, қарыштап дамыған мемлекеттің әрі мәңгілік бейбітшіліктің символына айналған Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай 4 шілде күні С .Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Астана – арман қала» атты арнайы кітап көрмесін ұйымдастырды.
ІІМ Оқу орталығының (Павлодар қаласы) арнайы алғашқы дайындық курсы тыңдаушыларына ұсынылған шараның мақсаты – елордамыздың 20 жыл ішіндегі даму жолдары мен тарихи кезендерін насихаттау арқылы Астананың абыройын асқақтату. Тақырыпқа сай безендірілген көрмеде С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана қорынан Тұңғыш Президент – Елбасын тұлға, әлемдік деңгейдегі саясаткер, елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріндегі жасампаз өзгерістердің бастамашысы, қатысушы ретінде сипаттайтын түпнұсқалық тарихи әдебиеттерді, баспасөз материалдарын, Елбасының жаһандық деңгейдегі кемеңгер саясаткер ретіндегі рөлі жан-жақты көрсетілген әдебиеттер, сондай-ақ, Астана қаласы Суретшілер одағының мүшесі, көптеген қалалық, облыстық және халықаралық көрмелерге қатысқан танымал қазақстандық суретші Жеңіс Молдабековтің еңбектері қойылды.

Н. АШЫҚБАЕВ, Павлодар қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*