Жетістікке толы 70 жас

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы, полковник М. Аманбаев ТЖ органдары ардагері Сағындық Джазинді 27 маусым күні мерейлі 70 жасымен құттықтап, оған «ІІМ құрметті ардагері» төсбелгісін табыстады.
Сағындық Нұрмұханбетұлы 1948 жылы 27 маусымда Ақмола қаласында дүниеге келген. 1971 жылдан 1996 жылға дейінгі аралықта Ақмола облыстық ІІБ-де қызмет еткен.
Еңбек жолын Астрахань аудандық ІІО-да мемлекеттік өрт бақылау инспекторы лауазымынан бастады. 1972 жылы Алматы орта арнайы милиция мектебінде оқыды. 1980 жылы Астрахань ІІО-да мемлекеттік өрт бақылау аға инспекторы лауазымына тағайындалды. 1996 жылдың желтоқсан айында отставкаға кетті.
Қызмет еткен жылдары тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін жемісті еңбек етіп жүрген жас кәсіпқой мамандарды тәрбиелеуге өз үлесін қосты. Бұл мамандар бүгінде жинаған мол тәжірибелерін өзінен кейінгі ұрпаққа үйретуде.
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Сағындық Нұрмұханбетұлын мерейтойымен шын жүректен құттықтайды. Ардагерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, игі жақсылықтар мен береке тілейміз!

Астана қаласы ТЖД Ардагерлер кеңесі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*