«Бәйтерек» – тартымды нысан

Елорданың символына айналған «Бәйтерек» монументі туристер үшін ерекше тартымды нысандардың бүкіләлемдік тізіміне кірді. Бұл хабарды Халықаралық туризмді тұрақты дамыту комитетінің жетекшісі жеткізді.
Оның айтуынша, комитеттің Ыстамбұлда өткен саммитінде ұйымға мүше 48 мемлекеттің барлығы «Бәйтеректі» қолдап, дауыс берген. Айта кетейік, Жібек жолы елдері қалаларының мэрлер форумы аясында түрлі панельдік отырыстар өтіп жатыр. Соның бірі бизнес-туризмге арналды. Жиынға келген шетелдік мамандар аталған саланың дамуын сөз етіп, өз ойларын ортаға салды.
Сондай-ақ, олар Астананың туристік әлеуетін де жоғары бағалады. «Кеше Алматыдағы «Медеу» кешеніне сертификат табыстау мәртебесіне ие болдық. Бүгін тізімге «Бәйтерек» қосылып жатыр. Осыдан-ақ Қазақстанның туристік әлеуетін байқауға болады. Тізімге қандай да бір нысанды қосу туралы ұсыныс түскенде, ең алдымен туристердің пікірі ескеріледі. Біз де мыңдаған адамның арасында сұрау жүргіздік. Нәтижесінде, комитеттегі мемлекеттердің барлығы Ыстамбұлда өткен саммитте «Бәйтеректі» қолдап, дауыс берді», – деді Халықаралық туризмді тұрақты дамыту комитетінің төрағасы Владимир Пискурев.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*