Тындаушыларға сертификаттар табысталды

Ақтөбе қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы саябақта Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Өңірлік оқыту орталығында кіші басшы құрамды (жоғары техникалық білім негізінде) қайта даярлау курстарын тәмамдаған 52 тыңдаушыға салтанатты түрде сертификаттар табысталды.
Салтанатты іс-шараға ІІМ ТЖК Ақтөбе облысының ТЖД бастығы Б. Сыздыков, Ақтөбе облысы ТЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы Б. Айткулов және тыңдаушылардың ата-аналары мен туыстары қатысты.
Оқыту ІІМ ТЖК «Көкшетау техникалық институты» РК басшылығы бекіткен кіші басшы құрамды (жоғары техникалық білім негізінде) қайта даярлау бағдарламасына сәйкес жүргізіліп, бағдарлама материалының көлемі 360 сағатты құрады.
Сабақтарды өткізуге ӨОО оқытушы құрамынан басқа, «ӨСжАҚЖҚ» ММ кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, психолог, азаматтық қорғау майоры Е. Абдіғаппаров, Өрт сөндіру қызметі №1 МӨСБ газ-түтіннен қорғау қызметінің аға шебері, азаматтық қорғау сержанты И. Сағынғалиев жұмылдырылды.
КТИ мен ӨОО арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде «Жану процестерінің теориялық негіздері және өрттерді сөндіру» және «Гидравлика және өртке қарсы сумен қамтамасыз ету» пәндері бойынша заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, онлайн режимде сабақтар өткізілді.
Сабақтарды КТИ жоғары білікті профессорлық-оқытушы құрамы: жалпы техникалық пәндер, ақпараттық жүйе және технологиялар кафедрасының профессоры, азаматтық қорғау полковнигі Г. Хасанова, өрттің алдын алу кафедрасының аға оқытушысы, азаматтық қорғау подполковнигі А. Кусаинов жүргізді.
Тыңдаушылар жану процесінің жіктелуімен танысты, заттардың әр түрлі агрегаттық күйдегі өрт қаупін сипаттаушы негізгі параметрлерін, бұл параметрлерді анықтау тәсілдерін меңгеру жөніндегі ұғымдарын қалыптастырды. Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету саласындағы білімдерін нығайтып, сумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылғысы және сызбасымен, судың есептік шығынын анықтау, су құбырының қосалқы және реттеуші сыйымдылықтарының, сорғы станцияларының гидравликалық есебін жүргізумен танысты.
Қайта даярлау курстары нәтижесі бойынша тыңдаушылар кәсіби міндеттерін шешу және өрт сөндіру бөлімдерінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдірді.

Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*